← Артқа

“Анаға құрмет” музейінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық...

“Анаға құрмет” музейінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының профессоры, Қазақстандағы алғашқы әйел генерал, Парламент Сенатының депутаты, ІІ дәрежелі «Даңқ» орденінің иегері, балалар омбудсмені қызметін атқарған Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаеваның жеке мүйісі орналасқан.
Сәуле Мұханбедианқызы құқық қорғау органдары мен прокуратура саласында 40 жылдан астам уақыт абыройлы қызмет атқарған көрнекті тұлға. Ол еліміз тәуелсіздік алған кезеңде Қазақстан Республикасының Конституциясын әзірлеу жөніндегі комиссия құрамында болып, Ата Заңның қалыптасуына үлес қосты.

Сонымен қатар, «Анаға құрмет» музейінің қайырымдылық жобалары аясында Сәуле Мұханбедианқызы Алматы қаласы бойынша ҚАЖД №11 мекемесіндегі кәмелетке толмаған сотталған жасөспірімдермен тұрақты кездесулер өткізіп келеді. Кездесулер барысында ол өзінің өмір жолы мен еңбек тәжірибесі туралы айтып, жастарға заң мен тәртіптің маңызын түсіндіреді.

Сәуле Айтпаева заңды сақтау мен өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау әрбір жасөспірімнің қоғамда өз орнын тауып, жарқын болашаққа қадам басуына негіз болатынын атап өтті.

«Заңдар – жай ғана ережелер жиынтығы емес, олар әділетті әрі үйлесімді қоғамның іргетасы. Ал тәртіп әр адамға өз мақсатына өзгенің құқығын бұзбай жетуге мүмкіндік береді», – дейді Сәуле Мұханбедианқызы. @gannur

Instagram media 1
Instagram post