2026 жылдың 15 мамырында Халықаралық отбасы күніне орай Қарғалы ауылындағы әскери бөлімше...
2026 жылдың 15 мамырында Халықаралық отбасы күніне орай Қарғалы ауылындағы әскери бөлімше қызметкерлері отбасыларымен бірге «Анаға құрмет» музейіне арнайы келіп, рухани-танымдық экскурсияны тамашалады.
Экскурсия барысында қонақтар музей экспозицияларымен танысып, ана қадірі, отбасы құндылығы және ұлттық тәрбиеге арналған тағылымды дүниелерге ерекше қызығушылық танытты. Отбасылық жылулық пен бірлікті насихаттаған шара қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, әсерлі естеліктерге толы болды.
Осындай мазмұнды кездесулер жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты, отбасыға деген құрметті және ұлттық құндылықтарға сүйіспеншілікті арттыра түседі.
Айта кетерлігі, аталған шараға музей іргетасын қалаушы Бақыт Жатқанбайқызы мен Алтай Жатқанбайқызы Шпекбаевалар да өз отбасыларымен қатысып, игі бастамаға қолдау көрсетті.
Бос уақытыңызды мәнді өткізіп, отбасыңызбен бірге «Анаға құрмет» музейіне саяхат жасаңыздар!
