2026 жылдың 21 мамыры – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Алматы облысы...
2026 жылдың 21 мамыры – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Алматы облысы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Алматы облысы музейлер бірлестігіне қарасты «Анаға құрмет» музейі «Үздік музей» номинациясын иеленді.
Сонымен қатар, музейдің қор сақтаушысы Мұхтар Жанат музей саласының дамуына қосқан зор үлесі, көпжылдық жемісті еңбегі және кәсіби біліктілігі үшін «Еңбек ардагері» марапатына ие болды.
Аталған марапаттар – музей ұжымының ұлттық мәдени мұраны сақтау, насихаттау және келер ұрпаққа жеткізу жолындағы қажырлы еңбегі мен жоғары кәсібилігінің айқын көрінісі.
«Анаға құрмет» музейі алдағы уақытта да рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеу, мәдени-ағартушылық бағыттағы жұмыстарды дамыту және қоғаммен байланысты нығайту жолындағы қызметін жалғастыра бермек.
