Халықаралық музейлер күні қарсаңында музейімізге Австрияның беделді музей мамандары Анаға...
Халықаралық музейлер күні қарсаңында музейімізге Австрияның беделді музей мамандары Анаға құрмет музейінің негізін қалаушы профессор Шпекбаева Бақыт Жатқанбайқызының шақыруымен арнайы ресми сапармен келді.
Австриялық Weltmuseum Wien музейінің директоры, өнер және дизайн саласының ғалымы, халықаралық жобалардың ұйымдастырушысы доктор Клаудия Банц , Claudia Banz , сондай-ақ Африка, Азия және Сібір қорларының кураторы доктор Тобиас Мёрике, Tobias Mörike музей жұмысымен танысты.
Кездесу барысында музей қызметіне жоғары баға беріліп, халықаралық ынтымақтастықты нығайту, бірлескен көрме және ғылыми-мәдени жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ халықаралық гранттық бағдарламаларға қатысу мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, Австрия Мәдениет министрлігі жанындағы Австрия мәдени форумы директоры, халықаралық өнер жобаларының ұйымдастырушысы, белгілі мәдениеттанушы, заманауи өнер коллекционері әрі меценат Симон Мраз , Simon Mraz қатысып, мәдени байланыстарды дамыту мен болашақтағы серіктестік бағыттары жөнінде пікір алмасты.
Кездесу нәтижесінде тараптар халықаралық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру, тәжірибе алмасу және музей саласындағы әріптестікті дамыту мәселелері бойынша өзара келісімге келу мүмкіндіктерін қарастырды.
@gannur
@umbetaliev_anuar
@almaty.obl_madeniet
@almobl_akimdigi
@almaty_oblysy_muzeileri @meirjan_musabaev claudiabanz1 @simon_gottfridovitsh



