← Артқа

Алик Жатқамбаевич Шпекбаев — мемлекет және қоғам қайраткері, меценат, ұлттық руханият пен...

Алик Жатқамбаевич Шпекбаев — мемлекет және қоғам қайраткері, меценат, ұлттық руханият пен мәдени құндылықтарды дәріптеуге зор үлес қосып жүрген тұлға. Шпекбаевтар әулетінің қолдауымен «Анаға құрмет» музейінің іргетасы қаланып, ұрпақ сабақтастығын, ата-анаға тағзым етуді насихаттайтын тағылымды рухани орда қалыптасты.
Музейдің басты мақсаты — жас ұрпақтың бойына ата-анаға деген құрметті, анаға деген ізетті, ұлттық құндылықтар мен отбасылық тәрбиенің маңызын сіңіру. Бұл бастама — өткен мен бүгінді жалғаған, ұлт тәрбиесіне қызмет ететін маңызды рухани жоба.
Шпекбаевтар әулетіне мәдениет пен руханиятты дамытуға, өскелең ұрпақ тәрбиесіне қосқан өлшеусіз үлестері үшін өскелең ұрпақ атынан алғысымыз шексіз.

Instagram media 1
Instagram post