← Артқа

18 мамыр — Халықаралық музейлер күніне орай, «Алматы облысының музейлер бірлестігінің»...

18 мамыр — Халықаралық музейлер күніне орай, «Алматы облысының музейлер бірлестігінің» «Батыр бабалар мемориалы», Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейі және «Анаға құрмет» музейі қорлары негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі ғимаратында «Тарих пен мұра үндестігі» атты арнайы көрме ұйымдастырылды.

Көрмеде қазақ халқының тарихи мұрасын айшықтайтын қару-жарақ түрлері, ұсталық құралдар, ретро радио-техника үлгілері, сондай-ақ қыз-келіншектердің әсем зергерлік бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты — ұлттық құндылықтарды насихаттау, дәстүрлі қолөнер мен батырлық мәдениетті дәріптеу, сондай-ақ жас ұрпақтың тарихқа деген қызығушылығын арттыру. Көрме келушілерге мәдени мұраны сақтаудың маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Instagram media 1
Instagram post