← Артқа

9 мамыр күні «Анаға құрмет» музейінде Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама...

9 мамыр күні «Анаға құрмет» музейінде Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Ұлы Ана» атты мәдени-танымдық шарасы өтті.

Шара барысында Қазақстан Республикасы Көркем академиясы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ана – өмірдің және ұлттық бірегейліктің символы» атты ғылыми-мәдени симпозиум өтті. Тағылымы терең рухани іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, мәдениет пен өнер өкілдері, қоғам белсенділері қатысты.
Симпозиум аясында түркі өркениетінің асыл мұрасы – Күлтегін экспозициясына арналған арнайы инсталляцияның салтанатты ашылуы өтті. Жобаны белгілі реставратор, қоғам қайраткері Қырым Алтынбеков таныстырып, түркі дүниесінің рухани тамыры мен тарихи санасының маңызын атап өтті.

Сонымен қатар, Ақанаев А.А. академиясының қатысуымен «Ұлы Ана» тас паркінің тұсаукесері ұйымдастырылып, ана бейнесінің мәңгілік құндылық ретіндегі философиялық әрі көркемдік мәні айшықталды.

Қонақтар назарына «Анаға құрмет» музейінің жаңа ғимаратының арнайы презентациясы ұсынылып, мәдени-ғылыми даму бағыттары таныстырылды. @gannur

Instagram media 1
Instagram post