⚜️Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі 2026 жылдың 18 мамыры күні Халықаралық...
⚜️Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі 2026 жылдың 18 мамыры күні Халықаралық музейлер күніне орай “Museum Fest” халықаралық фестивалі аясында «Тарих пен мұра үндестігі» атты көрме фестивалін өткізді.
▫️Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі директордың музейлік менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары А.Бақытқызы салтанатты түрде ашты.
▫️Фестивальдің басты мақсаты: музейлердің ашықтығын, қолжетімділігін және түрлі мәдениеттер арасындағы байланысты нығайтуды көздейді.“Museum Fest” аясында келушілер үшін кең ауқымды мәдени бағдарламалар ұсынылды.
▫️Іс-шара барысында шетелдік музейлердің бейнеқұттықтаулары көрсетіліп, ТҮРКСОЙ құрамындағы Батыр бабалар музейі, Анаға құрмет музейі және Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің экспозициялары ұйымдастырылды. Көрмеде Кенесары ханның қарындасы, Бопай ханымның қылышы, ұлттық әшекей-бұйымдар, ХХ ғасырға тән фотоаппараттар және т.б құнды жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды.
▫️“Museum Fest” фестивалі аясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Жанпейісова және оның шәкірттері арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, көрермендерге қазақтың дәстүрлі музыкалық мұрасын паш етті. Сонымен қатар шарада отбасыларға арналған арнайы бағдарламалар мен шеберлік сабақтар өтті.
