1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Біртұтас Қазақстанның түрлі...
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Біртұтас Қазақстанның түрлі этностарындағы ана бейнесі. Күрд этносы» тақырыбында
«Бір шаңырақ астында» атты мәдени шара өтті.
Шараның мақсаты – Қазақстандағы этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптеу, ананың қоғамдағы рөлін айқындау және халықтар арасындағы бірлік пен достықты нығайту.
Іс-шараға Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Джамиля Сүлеймановна, Мәдениет комитетінің төрайымы Гульнара Алиевна және оның орынбасары Эсмэр Джамаловна қатысты.
Қонақтар музей экспозициясымен танысып, қазақ және өзге этностардың мәдени мұраларын тамашалады. Сонымен қатар, күрд халқының ұлттық киімдерінің ерекшеліктері таныстырылып, дәстүрлі киім үлгілері мен тұрмыстық жәдігерлер музей қорына табысталды. @gannur @umbetaliev_anuar @almaty.obl_madeniet @almaty_oblysy_muzeileri @djamili.su @berbang_culture


