← Артқа

2026 жылдың 23 сәуірінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық...

2026 жылдың 23 сәуірінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес, қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру және жастарды кітап оқуға баулу мақсатында Нархоз университетінің студенттерінің қатысуымен «Адамды адам еткен-кітап, адамзат еткен -кітапхана» атты мазмұнды әрі тағылымды лекция ұйымдастырылды.Аталған шарада кітаптың адам өміріндегі рухани құндылығы, білім мен тәрбиедегі орны және кітапхананың мәдениет пен ой-өрісті дамытудағы маңызды рөлі жан-жақты насихатталды. Студенттер лекция барысында белсенділік танытып, ой бөлісіп, еркін пікір алмасу арқылы кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырды.Бұл кездесу -жастардың рухани дүниесін байытып, білімге құштарлығын арттыруға бағытталған маңызды әрі мәні терең басқосу болды.

Instagram media 1
Instagram post