← Артқа
Құрметті қауым! 2026 жылғы 9 мамыр – Жеңіс күні сағат 10:30-да Алматы облысы, Қарасай...
Құрметті қауым!
2026 жылғы 9 мамыр – Жеңіс күні сағат 10:30-да Алматы облысы, Қарасай ауданы, Райымбек ауылдық округіндегі «Анаға құрмет» музейінде «Ұлы ана» республикалық байқауының қорытынды марапаттау салтанаты өтеді.
Бұл күн – ел тарихындағы ерлік пен елдіктің, бейбіт өмір мен ұрпақ амандығының символы. Осы айтулы мерекемен сабақтас ұйымдастырылған бұл шара – ана бейнесін ұлықтауға арналған тағылымы мол, рухани-танымдық кеш.
Ана – ұлттың рухани тірегі, отбасының берекесі, ұрпақ тәрбиесінің алтын арқауы. Аталған іс-шара арқылы ананың қоғамдағы ерекше орны дәріптеліп, ұлттық құндылықтар кеңінен насихатталады.
Сіздерді осы мазмұнды, жүрекке жылу сыйлайтын рухани-танымдық шараға қатысуға шақырамыз!
Қош келдіңіздер!
