← Артқа

Наурызнаманың онкүндігі аясында 23 наурыз — Тазару күніне орай ерекше тағылымды күн өтті.

Наурызнаманың онкүндігі аясында 23 наурыз — Тазару күніне орай ерекше тағылымды күн өтті. Бұл күн – тек қоршаған ортаны емес, сонымен қатар жан дүниені де тазарту, өткенге шүкіршілік айтып, жаңа бастамаларға қадам жасау күні.

Осыған орай, Нархоз университетінің Туризм мамандығының 3 курс студенттері «Анаға құрмет» музейіне барып, рухани құндылықтарды тереңірек танып қайтты. Экскурсия барысында студенттер ананың қоғамдағы орны, мейірім мен қамқорлықтың маңызы туралы ой түйіп, ұлттық мәдениет пен тәрбиенің мәнін сезінді.

Тазару күні – жүректі жаңартып, ойды реттеп, жақсы істерге бастайтын ерекше мүмкіндік. Осындай мәнді күндер бізді рухани байытып, ұлттық құндылықтарға жақындата түседі.

✨ Жаңару мен тазалық әр шаңыраққа береке әкелсін!
🌿 Наурыз құтты болсын!

Instagram media 1
Instagram post