← Артқа
2026 жылдың 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай Наурызнама онкүндігі аясында Қарасай...
2026 жылдың 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай Наурызнама онкүндігі аясында Қарасай ауданы, Райымбек ауылындағы «Дариға-дәурен» әжелер ансамблінің қатысуымен мазмұнды мәдени шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшелігі, оның тәрбиелік мәні мен эстетикалық көркемдігі кеңінен насихатталды. Әжелер ансамблі ұлттық нақыштағы әндер орындап, салт-дәстүріміздің сабақтастығын көрсетті.
Ұлттық киім – халқымыздың тарихы мен мәдениетінің айнасы. Осындай тағылымды кездесулер арқылы жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ата-баба мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу басты мақсат болып табылады.
@gannur
@umbetaliev_anuar
@almobl_akimdigi
@almaty_oblysy_muzeileri
🌿✨ Digital Nauryz – 2026
