2026 жылдың 1 наурызы – Алғыс айту күніне орай, жүректен шыққан ерекше алғысымызды...
2026 жылдың 1 наурызы – Алғыс айту күніне орай, жүректен шыққан ерекше алғысымызды білдіреміз.
Қазіргі таңда өңірімізде теңдесі жоқ, рухани құндылықтарды ұлықтайтын, ананың қасиетін асқақтататын бірегей мәдени орда – «Анаға құрмет» музейі.Бұл – тек ғимарат емес, бұл – ұлттың рухын, ананың мейірімін, тәрбиесін, тарихын насихаттайтын қасиетті шаңырақ.
Осы игі істің бастамашысы, жүрегімен сезініп, жан-тәнімен еңбек еткен жан – Бақыт Шпекбаева.
Музейдің ашылуы – тек мәдени жаңалық емес, бұл – қоғамға қосылған үлкен үлес. Бүгінде 14 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, өз нәпақасын тауып отыр. Бұл – бір адамның арманынан басталған, көптің игілігіне айналған еңбек.
Зейнет жасында болса да, Бақыт апай қоғамға қызмет етуді тоқтатпады. Керісінше, өмірлік тәжірибесін, парасатын, ұйымдастырушылық қабілетін ел игілігіне арнап, кейінгі буынға үлгі боларлық іс атқаруда.
Алғыс айту күні – ризашылық білдіретін сәт қана емес, жақсылықтың бағасын түсінетін күн.
Біз Сізге алғыс айтамыз, Бақыт апай!Ұлт руханиятына қосқан үлесіңіз үшін,
Ананың мәртебесін көтергеніңіз үшін,
Қоғамға жасаған қызметіңіз үшін!
