← Артқа

ЖЫР АЛЫБЫ ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 180 ЖЫЛ!

ЖЫР АЛЫБЫ ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 180 ЖЫЛ!

Бүгін Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы сахнасында қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған тағылымы терең, рухы асқақ мерекелік кеш өтті.

Ұлт жадында мәңгі сақталған ұлы ақынның мұрасын ұлықтаған салтанатты жиынға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы құттықтау хатын оқып берді.

Кеш барысында мәдениет саласының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген бірқатар сала мамандары Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттарымен марапатталып, өнерге көрсетілген құрметтің айқын көрінісіне айналды.

Мерекелік кеш көрерменге ерекше әсер сыйлаған концерттік бағдарламамен жалғасты. Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі күмбірлеген күйімен залды тербесе, «Сүйінбай» театры сахналаған тағылымды қойылым ұлы ақынның өмір жолын терең сезіммен жеткізіп, көрермен жүрегіне жол тапты.

Жамбыл жыры — халықтың үні, ел рухының айнасы.
Ғасырлар өтсе де, ұлы ақын мұрасы ұлтпен бірге жасай береді.

Instagram media 1
Instagram post