← Артқа

Бүгін — жыр алыбы, қазақ халқының ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың туған күні.

Бүгін — жыр алыбы, қазақ халқының ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың туған күні.

Атаулы күн аясында Жамбыл ауылындағы Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалды музейінде орналасқан ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, рухына тағзым жасалды.

Тағзым ету рәсіміне ақынның ұрпақтары, облыс әкімі Марат Елеусізұлы, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен аудан тұрғындары қатысып, жыр алыбының өнегелі ғұмыры мен өшпес мұрасы туралы тағылымды ойларымен бөлісті.

Жамбылдың асыл мұрасы — елдік пен ерліктің, бірлік пен парасаттың айнасы. Ұлы ақынның есімі халық жадында мәңгі сақталып, жас ұрпаққа рухани үлгі бола бермек.

Instagram media 1
Instagram post