← Артқа

2026 жылдың 15 наурыз күні Наурызнама онкүндігі аясында Қайырымдылық күніне орай «Жылы...

2026 жылдың 15 наурыз күні Наурызнама онкүндігі аясында Қайырымдылық күніне орай «Жылы жүрек – жомарт қол» атты қайырымдылық шарасы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№11 мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесінде, еліміздегі кәмелетке толмаған құқық бұзушылық жасаған жасөспірімдерге арналған жалғыз балалар түзету мекемесінде ұйымдастырылды.

Аталған шара аясында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай рухани-танымдық поэзиялық көрме мен әдеби кеш өткізілді. Кеш барысында жасөспірімдер ақынның жүрекке әсерлі жырларын оқып, поэзия арқылы рухани әсер алып, ой бөлісті.
@gannur
@umbetaliev_anuar
@almobl_akimdigi
@almaty_oblysy_muzeileri
🌿✨ Digital Nauryz –2026

Instagram media 1
Instagram post