← Артқа

2026 жылдың 11 ақпан күні ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Поэзия падишасы...

2026 жылдың 11 ақпан күні ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Поэзия падишасы – Мұқағали» атты ерекше кеш өтті. Алматы қаласы Алмалы ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған бұл шара аясында ақынға арналған картиналар көрмесі ұсынылды. Көрме барысында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, бірнеше көркем қолөнер көрмелерінің авторы Майса Ықыласпен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.
Кештің поэзиялық тартуы ретінде қазақ тілі мен әдебиетінің ардагер ұстазы, 87 жастағы Күлғайша апамыз Мұқағали Мақатаевтың үш өлеңін жатқа оқып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар, кеш барысында домбыраның қоңыр үнімен ән шырқалып, рухани атмосфераны одан әрі тереңдете түсті.

Instagram media 1
Instagram post