«Анаға құрмет» музейінде 1 ақпан халықаралық орамалдар күніне арналған «Қазақ даласының...
«Анаға құрмет» музейінде 1 ақпан халықаралық орамалдар күніне арналған «Қазақ даласының қасиеті – ақ орамалда» атты рухани тәрбиелік бағыттағы насихаттық дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының ұлттық болмысындағы ананың киелі бейнесін, ақ орамал мен кимешектің рухани-мәдени мәнін дәріптеу, әйел тәрбиесі мен отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттау.
Іс-шара аясында кимешек тарихы мен мағынасына терең зерттеу жүргізген, бұл салада мол ақпаратқа ие спикерлер арнайы баяндама жасап, кимешектің шығу төркіні, оның әлеуметтік, тәрбиелік және рухани мәні туралы тың деректерден баяндама жасалып бөлісті. Сонымен қатар, «Анаға құрмет» музейінің қорынан арнайы кимешек және бас киімдер көрмесі көрерменге ұсынылды.
Мерекелік шараға Алматы қаласы мен Қарасай ауданының ардақты аналары мен қоғам қайраткерлері, Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының Алматы қаласы өкілдігі бойынша «Әйел- қыздар» секторының Гүлмира Ілесбайқызы бастаған мүшелері, жастар мен қала қонақтары қатысты. @gannur
