← Артқа
Бүгін Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен Алматы облысының музейлер бірлестігі...
Бүгін Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен Алматы облысының музейлер бірлестігі Дүниежүзілік экскурсоводтар күніне орай, «Экскурсия жетекшісі - өткен мен бүгінді жалғаушы тұлға» атты облыстық музейлер форумын өткізді.
Форумда Қазақ Ұлттық университетінің профессорлары музей мен қоғам байланысы және шетелдік музей саласының ерекшеліктері жайында баяндамалар оқыды.
Ал музей қызметкерлері шеберлік сағаттар өткізді. Іс-шара соңында баяндамашыларға алғыс хаттар табысталды. Экскурсоводтың біліктілігін арттырып, тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген форумның музей қызметкерлеріне берері мол тағылымды шара болды.
