Сізді 2026 жылы көрнекті ақын, жазушы, қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовтің 90...
Сізді 2026 жылы көрнекті ақын, жазушы, қоғам қайраткері
Олжас Омарұлы Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылатын «Фатима анадан өрбіген Олжас ақынның ғасырға жеткен үні» атты рухани-танымдық кездесуге шақырамыз.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – Олжас Сүлейменов тұлғасының қалыптасуындағы аналық рухтың, отбасылық тәрбиенің және рухани бастаулардың маңызын зерделеу, ақын дүниетанымындағы гуманистік құндылықтардың қайнар көзін ашу, сондай-ақ мәдени диалогты нығайтып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру.
Кездесу аясында шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен мазмұнды ойталқы, әдеби-шығармашылық тағзым және «Анаға құрмет» музейінде ұйымдастырылған көрмемен таныс боласыздар.
Іс-шара өтетін орны:
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қырғауылды ауылы
«Анаға құрмет» музейі (Жоғарғы Қаскелең трассасы, 26)
Өтетін күні мен уақыты: 20 қаңтар 2026 ж., сағат 11.00
