← Артқа

🇰🇿Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2026 жылды — Цифрландыру және жасанды...

🇰🇿Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2026 жылды — Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады.
Бұл – уақыт талабымен үндесіп, мәдениет пен руханиятты жаңа форматта ұсынудың айқын көрінісі.
Президент өз Жолдауында: «Мен цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні Қазақстанның даму жолындағы басым бағыт деп жарияладым» — деп атап өтті.
💎 Осыған орай, «Анаға құрмет» музейі де заман талабына сай қадам жасап, сіздерге онлайн саяхат мүмкіндігін ұсынады. Енді музейге кез келген адам , әлемнің қай жерінен болмасын «Анаға құрмет» музейіне саяхат жасай алады. Телефон арқылы, компьютер арқылы музейдің рухани кеңістігіне еніп, анаға деген құрмет пен ұлттық құндылықтарды терең сезіне аласыз, барлығы онлайн форматта, қолжетімді әрі ыңғайлы.
✨ Цифрландыру – тек технология емес, ол рухани мұраны болашақ ұрпаққа жеткізудің жолы.
Ал жасанды интеллект жылы – ұлттық мәдениетті жаңа деңгейде танытудың мүмкіндігі.
☑️📌 «Анаға құрмет» музейіне онлайн саяхат жасап, жүрекке жақын құндылықтармен қауышыңыз. @almobl_akimdigi @almaty.obl_madeniet @gannur @almaty_oblysy_muzeileri 📍Сілтемесі Актуальныйда “Онлайн саяхат”

Instagram media 1
Instagram post