← Артқа
Бүгін – халқымыздың ең қастерлі, ең қасиетті мерекесі Тәуелсіздік күні.
Бүгін – халқымыздың ең қастерлі, ең қасиетті мерекесі Тәуелсіздік күні.
Бүгін – бабалар арманы ақиқатқа айналған, ел рухы асқақтаған, азаттықтың ақ таңы атқан күн.
Осы айтулы күні «Анаға құрмет» музейі баршаңызды Тәуелсіз еліміздің құндылықтарын, анаға деген тағзымды, ұрпаққа аманат етер рухани мұраны дәріптеуге шақырады.
Тәуелсіздік – тек еркіндік емес, ол ана сүтімен бойға сіңген тәрбие, ұлттың жадында сақталған тарих, болашаққа деген сенім.
Бүгін осындай мерейлі күні біз өткенге тағзым етіп, бүгінге шүкір айтып, ертеңге үмітпен қараймыз.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
