← Артқа

Құрметті өнер сүйер қауым!

Құрметті өнер сүйер қауым!
ҚР Суретшілер одағының, Көркем өнер академиясының мүшесі, тәжірибелі ұстаз, Жаркент мешіт-музейін 10 жыл бойы абыроймен басқарған Ақан Бақырқанұлы Оймауытовтың
«Анаға құрмет» музейіне тарту еткен, 50-ге жуық туындысынан құралған бірегей авторлық көрме өз жұмысын бастады.
Көрмеде суретшінің музей қорына сыйға берген шығармалары арқылы ұлттық рух, ананың асқақ бейнесі мен терең философиялық ой айқын көрініс табады.
📌 Көрме музей залында 1 ай бойы өтеді.
Өнерге, руханиятқа жақын жандарды осы мазмұнды көрмені тамашалауға шақырамыз.
Келіп көріңіздер, шабыт алыңыздар!

Instagram media 1
Instagram post