← Артқа
2025 жылдың 13 желтоқсанында «Анаға Құрмет» музейінде «Ана – ғұмырдың бояулы жалғасы» атты...
2025 жылдың 13 желтоқсанында «Анаға Құрмет» музейінде
«Ана – ғұмырдың бояулы жалғасы» атты мәдени іс-шара өтті.
Іс-шара ұлағатты ана Ұлжамал Мамытқызының туғанына 100 жыл толуына арналып, суретші Жанұзақ Керімбекұлы Мүсәпірдің шығармашылық жолын таныстыруды мақсат етті.
«Менің анам – Ұлжамал» атты портрет пен анасына тиесілі жеке заттар музей қорына ресми түрде табысталды.
Сондай-ақ «Өмір – сыры» атты естелік кітаптың тұсаукесері өтті.
Шараға ҚР Параламенті Сенатының депутаты Ғалиасқар Төлендіұлы, Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Айдарұлы және зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, суретшілер, өнерсүйер қауым, БАҚ өкілдері қатысты.
