26 қараша күні Шелек тарихи-өлкетану музейінде Жеңістің 80 жылдығына орай, Кеңес Одағының...
26 қараша күні Шелек тарихи-өлкетану музейінде Жеңістің 80 жылдығына орай, Кеңес Одағының батыр атағын алған Шелек өңірінен шыққан Төле Кенжебаев пен екінші дүниежүзілік соғыс туралы «Елім деген ерді- елі мәңгі ұмытпайды» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР қайраткері Марат Бәйділдаұлы, Тарих ғылымдарының докторы Болат Санабайұлы, Алматы облысының құрметті ардагері Айтақынов Әбілбек өз баяндамаларын оқыды.
Дөңгелек үстелде «Алматы облысы музейлер бірлестігінің» директоры Талғат Құрманбекұлы сөз сөйлеп, баяндамашыларға сый-сияпат табыстады. Шараға “Анаға құрмет” музейі “Қазақ Қыздарының Жеңістегі ізі” атты жылжымалы көрмесін Шелек өңіріндегі орта мектептердің тарих пәнінің мұғалімдеріне және қонақтарға таныстырды.
