← Артқа
2025 жылдың 6 қарашасында «Анаға құрмет» музейінде қазақ бейнелеу өнерінің бірегей...
2025 жылдың 6 қарашасында «Анаға құрмет» музейінде қазақ бейнелеу өнерінің бірегей тұлғасы, танымал суретші Молдахмет Кенбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық көрме ұйымдастырылды.
Көрме Қазақстан Республикасы Өнер академиясының президенті, профессор Ақанаев Амандос Әтібекұлының бастамасымен іске асты.
Көрмеде суретшінің ұлттық рухты, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен болмысын терең бейнелеген таңдаулы туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының, Қ.Сәтбаев университетінің, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының профессорлары мен ұстаздары қатысты.
