2025 жылдың 6 қарашасында «Анаға құрмет» музейінде қазақ бейнелеу өнерінің бірегей...
2025 жылдың 6 қарашасында «Анаға құрмет» музейінде қазақ бейнелеу өнерінің бірегей тұлғасы, танымал суретші Молдахмет Кенбаевтың шығармашылығына арналған мерейтойлық көрме өтеді.
Көрме Қазақстан Республикасы Өнер академиясының президенті, профессор Ақанаев Амандос Әтібекұлының бастамасымен ұйымдастырылып отыр.
Көрмеде суретшінің ұлттық рухты, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен болмысын терең бейнелеген таңдаулы туындылары көпшілік назарына ұсынылады.
Молдахмет Кенбаевтың еңбектері – қазақ бейнелеу өнерінің алтын қорына енген, ұлттың рухани болмысын айшықтайтын баға жетпес мұра.
Бұл көрме – қазақ өнерінің шынайы сұлулығын сезініп, рухани шабыт алуға тамаша мүмкіндік.
Өтетін күні: 6 қараша 2025 жыл, сағат 10:00
Өтетін орны: «Анаға құрмет» музейі, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жандосов трассасы, 26 км
Келіңіздер, рухани шабыт алыңыздар!
