← Артқа

2025 жылдың 22 қазан Республика күніне орай «Анаға құрмет» музейінде елге еңбегі сіңген...

2025 жылдың 22 қазан Республика күніне орай «Анаға құрмет» музейінде елге еңбегі сіңген дара тұлға,2025 жыл – Қарапайым жұмысшылар жылы деп жариялануына орай қарапайым еңбектің қадірін асқақтатқан «Ақ күріштің анасы», Социалистік Еңбек Ері Сәлима Жұмабекованың 90 жылдық мерейтойына арналған Дәстүрге жолмен бірлескен тағылымды іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Іс-шараға 100-ге жуық кимешек киген аналар, ауыл тұрғындары мен Сәлима ананың ұрпақтары қатысып, ұлағатты тұлғаның өнегелі өмірі мен ерен еңбегін ұлықтады.
Мерекелік кеште Қарасай ауданындағы Қапал батыр атындағы мектептің оқушылары өнер көрсетіп, Сәлима ананың еңбекке, аналық мейірімге толы өмір жолына арналған жүрекжарды әндер мен жырлар орындады.
Жылы естеліктер мен ізгі тілектерге толы бұл кеш – нағыз аналар мерейін асқақтатқан, ел еңбегінің қадірін дәріптеген рухани мәні зор шара болды.

Instagram media 1
Instagram post