← Артқа

2025 жылдың 21 қазанында Республика күніне орай "Анаға құрмет" музейінде ерекше...

2025 жылдың 21 қазанында Республика күніне орай "Анаға құрмет" музейінде ерекше рухани-тәлімдік мазмұндағы мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараны музейдің негізін қалаушысы Бақыт Жатқанбайқызы Шпекбаева бастамасымен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Шетел тілдер педагогикалық колледжінің студенттері өткізді.
Ашық аспан астында өткен бұл тағылымды басқосу ел тарихын, анаға деген құрметті, және ұлт мұрасын ұлықтауға бағытталды. Шара барысында қатысушылар музей аумағында орналасқан "Анаға тағзым" ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, музейге экскурсия жасап, Республика күніне арналған патриоттық рухты көтеретін әндер шырқалды. Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың отаншылдық сезімін қалыптастырып, өткенге тағзым, болашаққа сенім ұялатары сөзсіз. "Анаға құрмет" музейі әрдайым ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған орталық ретінде жастарға өнеге боларлық рухани бастамаларды жалғастырып келеді. #республикакүні

Instagram media 1
Instagram post