← Артқа

Астана қаласында «Анаға құрмет» музейінің «Аналар аманаты» атты көрмесі өтіп жатыр.

Астана қаласында «Анаға құрмет» музейінің «Аналар аманаты» атты көрмесі өтіп жатыр.
Көрме аясында елге еңбегі сіңген аналардың қолөнері, отбасылық жәдігерлері мен рухани мұраларымен қатар, ел қорғаны болған ерлер мен қоғам қайраткерлерінің аналары мен әйелдерінің портреттері қойылған.
Бұл ерекше туындыларды талантты суретші өз жүрегінің мейірімінен туғызған. Әр бейнеде — аналық махаббаттың жылуы мен ұлт рухының биіктігі сезіледі.
Көрмені зиялы қауым өкілдері, генералдар, мәдениет пен өнер саласының майталмандары, сондай-ақ батыр аналардың ұрпақтары мен туыстары тамашалап, зор ықыласпен қабылдап жатыр.
Көрмедегі әр жәдігер мен әр сурет — ананың мәңгілік мейірімін, отбасының берекесін және ұлттың ұлы құндылығын паш етеді.
Біз үшін ананы ұлықтау – рухани борыш, ананың аманатын сақтау – ұлт алдындағы парыз.

Instagram media 1
Instagram media 2
Instagram media 3
Instagram media 4
Instagram media 5
Instagram media 6
Instagram post