← Артқа
2025 жылдың 1 қазан күні – Қарттар күніне орай Наурызбай ауданының «Белсенді ұзақ өмір...
2025 жылдың 1 қазан күні – Қарттар күніне орай
Наурызбай ауданының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» ардагерлері «Анаға құрмет» музейіне келіп, экскурсиялық танысу барысында музейдің құнды жәдігерлерін тамашалап, әсерлерімен бөлісті. Шара аясында «Қарттарым аман-сау жүрсін» тақырыбында киіз басу өнерінен шеберлік сабағы ұйымдастырылып, қонақтарға киізбен жұмыс жасау тәсілдері көрсетілді. Ардагерлер ұлттық дәстүрді жаңғыртуға арналған осындай тағылымды шараға дән риза болып, алғыстарын білдірді.
