Жәния Әубәкірова — әлемнің үздік сахналарында өнер көрсететін көрнекті қазақстандық...
Жәния Әубәкірова — әлемнің үздік сахналарында өнер көрсететін көрнекті қазақстандық пианист, Қазақстанның Халық әртісі.
Ол Қазақстан мен шетелдің (Франция, Англия, Германия, Жапония, АҚШ және тағы басқа елдердің) әйгілі сахналарында өнер көрсетіп, ұлттық музыка мен классикалық өнерді насихаттап келеді.
1994 жылы өз бастамасымен Ж. Әубәкірова атындағы колледжді, ал кейіннен авторлық музыкалық мектебін ашты. 1997–2018 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметін атқарып, оқу орнын еліміздің жетекші мәдени-ағарту орталығына айналдырды.
Оның бастамасымен «Классика» музыкалық агенттігі құрылып, «Франциядағы қазақ маусымдары», «Алматы халықаралық пианистер байқауы», Almaty International Piano Festival сынды жобалар сәтті жүзеге асты.
Жәния Әубәкірова – «Парасат» және І дәрежелі «Барыс» ордендерінің, Францияның Өнер және әдебиет орденінің кавалері, сондай-ақ әлемге әйгілі Steinway & Sons компаниясының ресми әртісі.Ұлттық мәдениет пен классикалық өнердің дамуына сүбелі үлес қосқан тұлға.
