← Артқа
Алатаудың баурайынан Сарыарқаның төсіне!
Алатаудың баурайынан Сарыарқаның төсіне!
Алматы облысындағы «Анаға құрмет» музейі қасиетті елорда төріне қадам басып отыр. Бұл сапар – аналар аманатын ардақтап, ұлттық құндылықтарды қастерлеу жолындағы үлкен рухани қадам.
Сіздерді «Аналар аманаты» атты көрменің ашылу салтанатына қатысуға шақырамыз. Ортақ тарих пен рухани мұраға құрмет көрсететін бұл шарада сізбен жүздесуге қуаныштымыз.
Көрме барысында аналарымыздың өнегелі аманаты мен ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін ерекше жәдігерлер ұсынылады.
Келіп тамашалап, рухани әсер алуға мүмкіндік бар.
Сіздерді қонақ болып, осы ерекше шараның куәсі болуға шақырамыз!
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі,Астана қаласы
26.09.2025 ж
16:00
