← Артқа
Танысып қойыңыздар-Сабыржан Оспанұлы.
Танысып қойыңыздар-Сабыржан Оспанұлы.
Қазіргі уақытта ол «Анаға құрмет» музейінің экскурсия жетекшісі болып қызмет атқарады. Алғашында музейге көрермен ретінде қызығушылықпен келген Сабыржан, өз ықыласы мен талпынысының арқасында осы ұжымның жас маманына айналды.
Сабыржан - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Өлең жазумен айналысатын шығармашыл жас. Музейді алғаш көрген кезінде «Анаға құрмет» музейіне арнап шығарған өлеңі республикалық «Қазақстан дәуірі» газетінің №35 санында жарық көрді.


