← Артқа
“2025 жылдың 1 тамызында аудандық “Naqty” газетінде «Анаға құрмет» музейінің ғылыми...
“2025 жылдың 1 тамызында аудандық “Naqty” газетінде «Анаға құрмет» музейінің ғылыми қызметкері Қарабек Лаура Сапарғалиқызының мақаласы жарық көрді. Материал «Халық суретшісінің мұралары жәдігерлер қатарында» тақырыбымен жарияланып, онда қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі — Молдахмет Кенбаевтың шығармашылығы мен өмірі туралы баяндалады. Мақалада суретшінің тұрмыста қолданған жеке заттары мен шығармашылық мұраларының музей қорына өтіп, құнды жәдігерлер қатарына қосылғаны атап көрсетілген. Бұл материал Республика көлемінде Молдахмет Кенбаевтың 100 жылдық мерейтойының аталып өтілуі аясында жарияланып отыр.
