Құрметті оқырмандар!
Құрметті оқырмандар!
Қоғамдық, әлеуметтік-рухани бағыттағы, Ақтөбе облысынан шығатын республикалық «Ана» журналы жай ғана басылым емес. Бұл – қазақ әйелінің даналығын, ананың қасиетін, ұлттың тамырын дәріптейтін рухани айна.
Осы басылымның мазмұны мен бағытын айқындайтын беделді кеңесші орган – Ақылдастар алқасы. Бүгін осы мәртебелі алқаның қатарына «Анаға Құрмет» музейінің де қосылғанын қуанышпен хабарлаймыз.
Енді республикалық «Ана» журналы Ақылдастар алқасының мүшесі – «Анаға Құрмет» музейінің меңгерушісі Гүлнар Әбіш ханым!
Сонымен қатар журналдың кезекті санында Гүлнар Әбіштің «Анаға Құрмет» музейінің қызметі мен маңызын республика көлемінде танытуға арналған мақаласы жарық көрді.
Бұл – музей ұжымының еңбегіне берілген жоғары баға әрі ана құндылығын дәріптеу жолындағы жұмыстарымыздың жемісті жалғасы.




