Қазақстандық Туристік қауымдастықтың (KTA) ұйымдастыруымен еліміздің жетекші туризм...
Қазақстандық Туристік қауымдастықтың (KTA) ұйымдастыруымен еліміздің жетекші туризм индустриясы кәсіпорындарының өкілдері мен жоғары оқу орындарының туризм саласы оқытушылары «Анаға құрмет» музейіне арнайы таныстыру экскурсиясымен келді.
Экскурсия барысында қонақтарға музейдің қызметі, көрмелері, рухани-мәдени бағыттағы жобалары таныстырылып, ананы ұлықтауға негізделген миссиясы туралы кеңінен ақпарат берілді. Қатысушылар музей жұмысына жоғары баға беріп, оның қоғамдағы ерекше орнына назар аударды.
Кездесу аясында музей қызметкерлері мен туризм саласының тәжірибелі мамандары арасында мазмұнды пікір алмасу өтіп, көптеген өзекті сауалдарға жауап берілді. Туризм саласының белді өкілдері қазақ әйелдерінің құрметіне арналған «Анаға құрмет» музейінің жаңа форматтағы қызметіне тәнті болып, оң бағаларын білдірді.
Сондай-ақ қала маңында орналасқан музейді туристік бағыттарға енгізу мәселесі талқыланып, бұл бастама қолдау тапты.
Қазақстандық Туристік қауымдастықтың директоры Рашида Рашидқызы Шайкеноваға ынтымақтастық пен қолдауы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
@almobl_akimdigi
@marat_sultangaziyev
@gannur
@almaty.obl_madeniet
@umbetaliev_anuar
@meirjan_musabaev @kta_kagir
АнағаҚұрметМузейі #KTA #Туризм #МәдениМұра #АнағаТағзым ҚазақстанТуризмі
