9 шілде күні Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында айтыскер ақын Оразалы Досбосыновты еске...
9 шілде күні Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында айтыскер ақын Оразалы Досбосыновты еске алуға арналған «Құлмамбеттің құлынын құдақтаған өлке» атты II республикалық айтыс өтті.
Райымбек ауданының 90 жылдығы аясында ұйымдастырылған жыр додасына еліміздің өңірлерінен 16 ақын қатысып, бақ сынады.
Жыр додасының нәтижесі бойынша:
🥉 СЫБАНҚҰЛ ӘДЕМІ (Алматы қаласы) 300 000 теңге сертификаты
🥉ӘКІМХАН ДАСТАН (Қонаев қаласы) 300 000 теңге сертификаты
🥉НИЯЗБЕК ТАҢЖАРЫҚ (Қостанай облысы) 300 000 теңге сертификаты
🥈ҚАНАЙБЕК ДИАНА (Алматы облысы) 500 000 теңге сертификаты
🥈АНКЕН ЕРДЕН(Алматы облысы) 500 000 теңге сертификаты
🥇БАҚТИЯР АЙША (Шымкент қаласы) 700 000 теңге сертификаты
БАС ЖҮЛДЕ-СӘРСЕНБЕК НЕСІБЕЛІ (Алматы облысы) 1 000 000 теңге сертификаты
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Оразалыдай озат ойлы, жүйрік тілді, сөзге шешен болып, ел абыройын асқақтатар өнерлеріңіз өрлей берсін!
