← Артқа

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 22-26 маусым аралығында өткен «Қазақстан...

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 22-26 маусым аралығында өткен «Қазақстан Республикасы музейлерін цифрландыру және дамыту» тақырыбындағы халықаралық семинарға Алматы облысы музейлер бірлестігінің мамандары да қатысты.

Семинар аясында Түркия Республикасының музей ісі саласындағы жетекші сарапшылары өз тәжірибелерімен бөлісіп, музей қорларын цифрландыру, коллекцияларды басқару, заманауи технологияларды енгізу, виртуалды музейлерді дамыту және келушілерге қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында маңызды баяндамалар жасады.

Семинар Алматы облысы музейлер бірлестігінің мамандары үшін халықаралық тәжірибемен танысып, жаңа білім мен кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Алынған тәжірибе алдағы уақытта өңір музейлерінің жұмысын жетілдіруге, цифрлық технологияларды тиімді енгізуге және мәдени мұраны заманауи форматта насихаттауға өз үлесін қосады.

Instagram media 1
Instagram post