← Артқа
Жаңа Конституция – Жаңа Қазақстанның берік негізі
Жаңа Конституция – Жаңа Қазақстанның берік негізі
Конституция – еліміздің тәуелсіздігі мен тұрақтылығының кепілі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын басты заң. Жаңарған Конституция мемлекет пен қоғамның дамуына тың серпін беріп, әділетті әрі жауапты қоғам құруға бағытталған маңызды қадам болды.
Ата Заңда әр азаматтың құқығы мен мүддесі басты құндылық ретінде айқындалып, заң үстемдігін нығайтуға ерекше мән берілді. Бұл – ел болашағына деген сенімнің, бірлік пен тұрақтылықтың берік негізі.
