← Артқа
«Анаға құрмет» музейіне Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, белгілі...
«Анаға құрмет» музейіне Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, белгілі балалар жазушысы, журналист, баспагер, публицист, қоғам қайраткері Бейсенбай Сүлейменов арнайы келіп, музей экспозицияларымен танысты.
Кездесу барысында қаламгер ұлттық құндылықтарды насихаттау мен жас ұрпақ тәрбиесіндегі музейдің маңызын атап өтті. Сондай-ақ балалар әдебиетін дамытуға, өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілетін шыңдауға бағытталған игі бастамаларды әрдайым қолдайтынын жеткізді.
Қонағымызға музей жұмысына көрсеткен ықыласы мен жылы лебізі үшін алғысымызды білдіреміз.
