← Артқа

Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінің...

Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілеріне арналған танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсия барысында лагерь тәрбиеленушілері музейдің экспозициялық залдарын аралап, ауданның бай тарихымен, археологиялық және этнографиялық мұраларымен, тарихи құжаттар мен құнды жәдігерлерімен танысты. Сонымен қатар өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалардың өмірі мен еңбегі туралы жан-жақты мәлімет алды.

Экскурсия соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, музей қорындағы бірегей жәдігерлерді жақыннан тамашалап, тарихи танымдарын кеңейтті.

Instagram media 1
Instagram post