← Артқа

6 шілде - Астана күні қарсаңында «Анаға құрмет» музейінде ұлттық құндылықтарды дәріптеуге...

6 шілде - Астана күні қарсаңында «Анаға құрмет» музейінде ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған «Жаңарған шаһар – жаңғырған сән» атты дәстүрлі жыл сайын өтетін этносән қойылымы ұйымдастырылды.

Шара барысында жергілікті этнодизайнер, «Зар Ата» брендінің негізін қалаушы, халықаралық Kazakhstan Fashion Week- 2026 сән көрме дипломанты Ляззат Омаровна Исаханова ұлттық нақыштағы заманауи сән үлгілерін көпшілік назарына ұсынды. Мерекелік шарада ұлттық киім мәдениетін жаңғыртып, дәстүр мен заманауи сәннің үйлесімін көрерменге паш етті.
Сонымен қатар қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, қазақ халқының бай мұрасы мен төл өнері насихатталды. Рухани мазмұнға толы кеш ұлттық болмысқа қызығушылық танытқан қонақтарға ерекше әсер сыйлады.

Instagram media 1
Instagram media 2
Instagram media 3
Instagram media 4
Instagram post